jasqazaq.kz

Жеті ауыр атлет допинг үшін жазаланды

19 желтоқсан 2019, 15:24

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы спортшылар мен бапкерлерді тыйым салынған препараттар қолдануына байланысты тергеу амалдарын жүргізді, деп хабарлады prosports.kz. Тергеу нәтижесінде жеті спортшы және екі бапкер әртүрлі уақытқа спорттан шеттетілді. Тыйым салынған препаратты қолданған спортшылар қатарына Аружан Қолбай(Алматы), Гүлдана Жүніс(Алматы), Асылжан Бектай(Қызылорда обл), Алишер Сейтқазы(Алматы), Ерасыл Кеңесбаев (Алматы), Максим Ню (Шымкент) және Тимур Хасаров(Алматы обл) кірді. Аталған спортшылар екі жылға ауыр атлетикадан шеттетілді. Республикалық спорт колледжінің бапкері Айбол Қолбаев пен арнайы спорт мектебінің бапкері Талғат Әбенді төрт жылға спорттан аластатты. V жазғы спартакиада кезінде допингпен ұсталған Нұрмұхамбетованың ісі жеке тергелетін болады. Әзірге спортшы барлық жарыстардан, оқу жаттығу жиындарынан шетте қалуда.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық