jasqazaq.kz

Жесір әйел марқұм күйеуінен бала көтермек болған

06 желтоқсан 2018, 15:17

Ресейдің Ростов-на-Дону қаласындағы кеңестік аудандық сот эмбриондарды қайтыс болған ер адамның мұрасы деп танудан бас тартып, жесіріне бала көтеруге рұқсат бермеді. Әйел адам алғаш ЭКО жасатқан Санкт-Петербург қаласындағы ауруханада сақталған ұрықтандырылған аналық жасушалар жойылды. Бұл туралы «Известия» басылмына сілтеме жасап sputniknews.kz хабарлады.

Ростов тұрғыны эмбриондарды күйеуі қалдырған мұра ретінде танып, тағы да ЭКО жасатуға рұқсат сұраған, өйткені былтыр қазан айында жасалған алғашқы процедура сәтті шықпапты. Медициналық қызмет үшін қалалық міндетті медициналық сақтандыру қоры төлеген. Ол кезде әйел адам бала көтере алмай, содан кейін өзінен 30 жас үлкен күйеуі көз жұмады.

Ауруханада ерлі-зайыптының мұздатылған эмбриондары сақталған екен, алайда дәрігерлер оларды жоюға шешім қабылдапты. Сот та оларды жақтады, өйткені мұндай шешім жұбайлар қол қойған аурухана шартында көрсетілген.

Медициналық мекеме заңгерлері айтқандай, эмбриондар мұра ретінде қабылдануы үшін федералды заңдарға өзгерту енгізілуі тиіс. Оның үстіне адам құқығы бойынша Еуропалық соттың Үлкен палатасы 2007 жылы 10 сәуірден бастап жесір әйелдерге күйеуі тірі кезде алынған эмбриондардың көмегімен бала көтеруге тыйым салған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді