jasqazaq.kz

Жерлеуге жер телімін 85 мыңнан сатқан

17 сәуiр 2020, 21:30

Ақша болмаса, марқұмды ақтық сапарға аттандыру мүмкін емес! Зиратта адам жерлеуге берілетін жер телімі қазір 85 мың теңгеге дейін барады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мониторинг жүргізіп, осындай деректерді анықтаған. Ал заң бойынша, марқұмды жер қойнына тапсыруға жер тегін берілу керек. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Зират әкімшілігі квазимемлекеттік болғандықтан, оларға жергілікті әкімдіктен арнайы қаражат бөлінеді. Бірақ, ар-ұятты ысырып қойғандары бюджеттен де, марқұмның туыстарынан да ала береді екен. Онысын қазып беру, басына белгі орнату сынды қосымша жұмыстар деп атайды. Мысалы, Таразда – 11 мың теңге. Ал Петропавлда 73 мыңға дейін барады. Оралда христиан бейітінде – 28 мың, мұсылман бейітінде 39 мыңға жетеді. Қосымша қызметтері соның ішінде.

Ал Алматыда қаланың төменгі жақтарында 55 мыңнан басталса, Кеңсайда жерлеу 85 мың теңгеге дейін барады екен. Оны қаласаң да, қаламасаң да төлейсің. Агенттік өкілдері осыған көз жеткізген. Тіпті, оны бизнеске айналдырып алған. Мысалы, былтыр елордада Сарыарқа және Алматы ауданы полиция бөлімдерінің 9 қызметкері осындай құйтұрқылықпен ұсталған. Олар 102-ге келіп түскен мәліметтерді діни рәсім мекемесінің қызметкерлеріне жіберіп отырыпты.

Данияр Якупов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басқарма бастығының міндетін атқарушы:

— Егер қандай да бір қызметін ұсынып, соған міндеттеп жатса, онда жергілікті әкімдікке хабарласу керек. Өйткені, ол мекемелердің үстінен әкімдік қарайды. Болмаса, бізге шығуға да болады. Бірақ, жерлеу кезінде жұрттың мұндай мәселелерге зауқы болмайтындықтан, көбіне жабулы қазан күйінде қала береді. Мекеме қызметкерлері де соны ұтымды пайдаланады.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі