jasqazaq.kz

Жерлеу орындары үшін неліктен ақы төленетіні айтылды

01 ақпан 2018, 15:24

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов халыққа кезекті есеп беру жиынында тұрғындардың біршама сұрағына жауап берді, — деп хабарлайды «Ақтөбе» газеті. Жиын Қурайлы ауылдық округінде өтті.

Жерлеу орны үшін қызмет көрсетуге неліктен ақша төленеді деген сұраққа, қала әкімі былай деп жауап берді: «Халық қате түсініп қалмағаны дұрыс. Жер сатылмайды. Заң бойынша жерлеу үшін 6 шаршы метр жер тегін беріледі. Бізде бір адам қайтыс болса, оны жерлеген жерге он шақты туысы «бронь» жасап қояды. Тірі адам үшін жерленетін жер берілмейді». Ақтөбе қаласы мен облыс орталығындағы 5 ауылдық округтің аумағында 53 зират бар. Бақылау болмағандықтан, кейбір бейіттер көшеге шығып кеткен. Кейбір зираттарда жерлеу орны мүлде жоқ. Жерленген адамдардың электрондық дерекқоры сақталады екен. «Ал ақша мәселесіне келсек, көрсетілетін қызметтер үшін баға бекітілді. Соған сәйкес ауылдық округтердегі қоршалған зираттардан берілген жерлеу орны үшін қызмет көрсету құны — 5 мың теңге. Бұл 5 мың теңге қаржы көрсетілген қызмет үшін алынады. Бұл ақшаға зираттардағы жерлеуге берілген аумақты жинастыру, қоқыстарды шығару, көгалдандыру, сумен қамтамасыз ету, қыс мезгілінде қар аршу, яғни зираттарды күтіп ұстау үшін алынады», — деді Ілияс Испанов.

tengrinews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды