jasqazaq.kz

Жерлеу бағасын көтергендер ұсталды (видео)

21 шiлде 2020, 11:19

Полицияға сегіз адам хабарласып, зират жұмысшыларына қатысты ресми мәлімдемелер жасады.

Өтініш білдіргендердің айтуынша, олар жерлеу қызметтері үшін қосымша ақы төлеуге мәжбүр болған, оларды белгіленген құнға қосымша 70-тен 80 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен.Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың, сондай-ақ, ІІМ басшылығы тапсырмасын орындау мақсатында, белгіленген мөлшерден басқа, марқұмның туыстарынан қайтыс болған адамдарды жерлеу қызметі үшін қосымша қаражат алудың заңсыз әрекеттерін болдырмау үшін арнайы тергеу-жедел топтары құрылды.

Түбіртектер берілмеген, ақшаны зират кәсіпорнының қызметкерлері заңсыз пайдаланған. Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретті бастан кешіргендер тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекеттерін мойындаған екі азаматты анықтап, қамауға алды.

Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, содан кейін, әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде заңсыз бопсалаудың алдын алу үшін басқа жерлеу орындары да тексеріледі.

https://youtu.be/7W7fDL9IMDo

Ақпарат көзі Polisia.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық