jasqazaq.kz

Жерімді тегін берем деген қазақ жігіті оны кімге табыстағанын айтты

15 наурыз 2018, 10:26

Абзал Молдабек есімді қазақ жігіт Ержан есімді қазақ бауырына 8 сотық жерін сыйлағанын айтты. Және не себепті ол кісіне таңдағанын айтып өтті.

“8 соток жерімді Ержан деген ағаға табыстадым. Бұл кісіні таңдаған себебім көп. Айгүл жеңгемізбен отасқан соң, жеңгеміздің анасы қайтыс болған, сосын əкелері қайтыс болған. Отбасында 10 қыз жетім қалған.

Ержан аға сол 10 қызға осы уақытқа дейін əке орнына əке болып, оқуға түсіріп, тəрбиелеп, 5 қызды ұзатқан. Қазір 5 қызды оқытып отыр. Өзінің 4 баласы бар. Бүгін жұмыс күні болғандықтан жеңгеміз, оқудағы қыздары мен балаларының біразы келе алмады. Бұл кісіге қатты риза болдым, қазір бір əйелін баға алмайтындар бар, ал бұл кісі 10 жетім баланы қамқорлығына алып, өзінің балаларындай қарап жүр. Пәтер жалдап тұрып әбден қажыған, ақшасы жиналмайды. Қай жерде болмасын бұндай отбасыға пәтер жалдау оңай емес екенін білесіздер ғой. Кеше жерді апарып көрсеттім, ұнатты. Жерімді сізге беремін деген соң қуаныштан түнімен ұйықтамадым дейді ағамыз”, – деп жазады Абзал Молдабек.

Бұған дейін ол бір қазаққа жерін тегін беретінін айтып, хабарландыру жариялаған еді.

Жігерленіп, қуанып жүр. Сенімді болу үшін мында тізімді қалдырамын.
1) Берсебаева Айгул Насрединкызы 1978ж.тАлматы.турмыста 4 бала женгем
2) Берсебаева Алия Насрединовна 1980 турмыста
3)Берсебаева Асия Насрединовна 1982 Алматы.
4) Берсебаева Асель Насрединовна 1984 5)Берсебаева Асия Алматы.
6) Берсебаева Сандугаш Насрединовна 1987 турмыста
7)Берсебаева Жанар Насрединовна 1988
8) Берсебаева Макпал Насрединовна1989 турмыста.
9)Токентеги Улбосын Насрединкызы 1993 Алматы.
10)Токен Акбаян Насрединовна 1995 студент мед.универ 5курс Алматы.
11)Токен Меруерт Насрединовна 1998 студент Политех. Алматы.

Өзінің балалары:

1) Бакытжан Абай Ержанулы 1995
2) Бакытжан Абылай Ержанулы 2001
3) Бакытжан Нуридин Ержанулы 2008
4) Бакытжан Адеми Ержанкызы 2011

Ол өзінен көмек сұрап жазған хат мәтінін жариялады.

“Менің туған ағам бар есімі Ержан. 1975 жылы туған. Кезінде талай кызметтерде істеді. Алматыда акиматтын қарамағындағы Тәртіп деген мекемеде бірінші орынбасар болды. Ал жеңгеміздің отбасында 11 қыз еді. Ол кісінін әке-шешесі қайтыс болып, шиеттей бала-шаға қараусыз қалып кетті. (Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында). Сонымен ағам Алматыдағы қызметін тастап, тәуекелге бел буып, қалған 10 қызды асырап алды да, сол ауылға көшіп кетті.

Өйткені 10 қызды Алматыға әкеліп өмір сүру қиын екенін білді. Қытты қиналды. Қызарының басым бөлігін ұзатты. Біразы әлі де студент. Өзінің 4 баласы бар. Әлі кішкентай. Балаларымен бірге пәтерде тұрады. Қазір жұмысқа қайта тұра алмайды. Кезінде жұмыс істегенімен, қазір таксист болып нәпақасын тауып жүр.

Не дегенмен бауырым ғой, сол кісіге көмектескім келеді. Биыл жазда бір досым жаңа үйіне кіреді. Қазір тұрып жатқан үйін бұзады. Үйінің шатыры мен терезелері жаңа, соларды саған беремін деп айтқан”, – деп жазылған хатта.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде