jasqazaq.kz

Жергілікті тұрғынның үйінен қызыл кітапқа енген бүркіт табылды

21 қантар 2020, 21:22

Түркістан облысында жергілікті тұрғынның үйінен қызыл кітапқа енген бүркіт табылды. Мұндай заңбұзушылық әрекетті өңірлік полицейлер «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында анықтаған.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ-ның қызметкерлері бүркітті жергілікті тұрғынның заңсыз ұстап отырғанын анықтаған.

«Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ұсталған азамат қолхат арқылы жіберілді» делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары табылған бүркітті Шымкент қаласындағы хайуанаттар бағына өткізген. Айта кетейік, өңірде «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полицейлермен 3 экологиялық қылмыс тіркелген. Оның ішінде заңсыз балық аулау мен жер қойнауын пайдалану жайттары бар. Сондай-ақ, 174 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Браконьерлерден тіркелмеген 6 дана аңшы мылтығы мен 4 центнер заңсыз ауланған балық және балық аулау құралдары тәркіленген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде