jasqazaq.kz

Жерге зымыран құлады

02 қазан 2019, 17:53

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай кезекті мәрте екі баллистикалық зымыран ұшырды.

Олардың біреуі күншығыс елінің Симанэ префектурасына қарасты экономикалық аймағына түскен. Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сынақ барысында ешқандай кеме жапа шекпеген. Бұған қатысты Оңтүстік Корея тарабы зымырандардың Вонсан портына жақын жерден атылғанын мәлімдеді. Кеше Уашингтон мен Пиоңяң Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша келіссөзді қайта бастайтынын хабарлады. Былтыр қарашада АҚШ Солтүстік Кореядан жасырын зымыран базаларын тапқан. Сол уақытта он үш баллистикалық зымыран базаларының таулы аймақтарда орналасқандығы белгілі болып, оларды іске қосатын қондырғылар анықталмаған. Айта кетейік, КХДР осыған дейін мамыр, шілде және тамызда сынақ жүргізіп, Жапон теңізіне қарай бірнеше мәрте зымыран ұшырған болатын. Тамыздың өзінде Пиоңяң 5 сынақты жүзеге асырған. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген.

Дереккөз: qazaqtimes.com

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда