
Соңғы күндері әлем ғалымдары жерге өте қауіпті астероид жақындап келе жатқанын айтып дабыл қағуда. Өткен айда осындай қауіп бізге төрт рет төнген. Ал соңғысы – шемен тас тура жерге бағытталған көрінеді. Оның планетамызға жақындауы 10 тамызға сәйкес келіп тұр.
«Көлемі жарты шақырым келетін 2006 QQ23 астероиды шын мәнінде қауіпті», – дейді мамандар Өйткені ол уатылмайды да. Астрономдардың айтуынша, астероид жерден 7,5 миллион шақырым қашықтан өтуі тиіс. Алғаш рет 2006 жылы көзге түскен аспан денесі жерге биыл ғана жақындады. Бұл туралы segodnya.ua. хабарлады.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ