jasqazaq.kz

Жер үйдің қоймасынан дәрінің 229 түрі табылды

07 шiлде 2020, 11:16

Шымкент қаласының Полиция департаменті карантин кезінде жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді қымбат бағада сату фактілерін анықтау мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде пайда табу үшін дәрілерді алып-сатумен айналысқан дәріхана қызметкерлері мен қала тұрғындары анықталды. Барлығы 10 факті тіркелді. Тәртіп сақшылары рейд барысында Әлімқұлов көшесіндегі үйдің ауласынан дәрі-дәрмек жасырылған 3 қойманы тапқан. Онда препараттардың жалпы 229 түрі табылды. Қоймаларды тексеру барысында иесі сатуға рұқсат беретін лицензияны көрсеткен. Алайда, бұл лицензия басқа ғимаратқа арналғаны және мұндағы дәрі-дәрмектер заңсыз сақталғаны анықталды.

Фармацевт мамандар қоймадағы препараттарды үш топқа бөлді: Бірінші топ — ел аумағында тіркелмеген және сатуға рұқсат берілмегендер. Олар — Конвулекс, Энцефобол, Алоэ экстракты инъекция үшін және тағы басқалар. Екінші топ — респираторлық-вирусты ауруларды емдеуге арналған жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектер. Олар – Цеф ІІІ, Цефтриаксон, Ингавирин, Гордокс, Дексаметазон және тағы басқалар. Үшінші топ – есепте тұрған азаматтарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер. Олар Депакин, Методжект және тағы басқалар. Сондай-ақ, қоймадағы дәрі-дәрмектердің сақталуына ешқандай жағдай жасалмағаны және сақталу талаптары өрескел бұзылғаны анықталды. Яғни препараттар емдеу қасиеттерін жоғалтып, адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін.

«Фармацевт мамандарының қатысуымен барлық 229 дәрі-дәрмектің түрлері айғақты зат ретінде алынды. Тәркіленген препараттардың ішінде көп науқастар таба алмай жүрген Цеф ІІІ, Ингавирин, Дексаметазон, Парацетамол сияқты дәрілер бар. Барлық анықталған жайттар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады», — делінген хабарламада.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі