jasqazaq.kz

Жер үй өртеніп, екі бала зардап шекті

11 қараша 2019, 21:19

Астанада тұрғын үй өртеніп, екі бала зардап шекті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Сағат 18.06-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Алматы ауданының Яблочная көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің шатыры жалындап жанып жатқанын анықтады. Тілсіз жаудың таралуы сағат 18:36-да тоқтатылып, 18:46-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 70 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан 2016 және 2019 жылдары туған балалар орта және жеңіл дәрежеде көмірқышқыл газына уланған. Сондай-ақ 2019 жылғы баланың бетін күйік шалған (7%). Өрттің шығу себебі анықталуда», — деді ресми өкіл.

Балалар №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

Жалынды ауыздықтауға елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 25 адам мен 4 техника жұмылдырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда