jasqazaq.kz

Жер теліміне талас. Әйтей ауылында балдызы жездесін пышақтады

12 наурыз 2021, 11:26

Алматы облысында жер учаскесінің кесірінен кісі өлімі орын алды.

Облыстық ПД мәліметі бойынша, 6 наурызда Әйтей ауылында зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлігі 99-бабы, «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ізкесушілер күдіктіні ұстады. Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын — марқұмның әйелінің туған бауыры болып шықты. Ұсталған адам бұрын сотты болған және ол кісі өлтіргенін мойындады, деп атап өтті полициядағылар.
Ол әпкесінің күйеуімен бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол кезде арада жер учаскесі үшін жанжал туындағанын айтты. Содан кейін ол көшеде ас үй пышағымен оның жүрек тұсына бір рет соққы бергенін жеткізді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия