jasqazaq.kz

Жер сілкінісіне төзімді екені тексеріледі

12 қараша 2019, 15:11


Алматы билігі көпқабатты үйлерді тексеріп шықты. Тексеру нәтижесінде жер сілкінісіне осал ғимараттар картасы жасалатын болды.

Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлағандай, «Келер жылы жер сілкінісіне осал ғимараттар картасы жасалады. Бұл картада қандай ғимараттарда қауіп-қатер бар екені көрсетіледі. Біз 2001 жылдан бері салынған ғимараттарды паспортизациядан өткіздік. Оған екі жыл уақыт кетті. Оның алдында салынған ғимараттарды тексермедік. Себебі, тексерудің қажеттілігі жоқ», — деді брифинг барысында қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов. Оның айтуынша, ескі ғимараттар қаладағы барлық ғимарат қорының 85%-ын алып отыр. «Бізде Кеңес одағы кезінде 1969-1970 жылдары тұрғызылған үйлер өте көп. Бұл үйлердің барлығы жер сілкінісіне төзімді екенін мойындау керек. Бірақ кейбір ғимараттар қазіргі нормативтерге сай еместігі дәлелденді. Олар міндетті түрде қайта жөндеуден өткізіледі», — деді ол. Басқарма басшысы ғимараттар туралы мәлімет 2020 жылы жарияланатынын айтты. «Адамдар қандай үйде тұрып жатқанын түсінуі керек. Көптеген тұрғындар үйінің ішін өз қалауынша өзгерткен. Кейбіреулер негізгі тіреу қабырғаны алып тастаған. Бұл өте қауіпті. Мұны ешкім тексермей келген. 2 жылда біз ғимараттардың барлығының паспорттық мәліметін жасадық», — деді Алмасхан Ахмеджанов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда