jasqazaq.kz

Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысы басталды

25 наурыз 2021, 10:15

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы жұмысын бастады.

Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында және Facebook парақшасында онлайн көрсетілуде. Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді, комиссияның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосуды тапсырған болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке биылғы тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәмілме арқылы түбегейлі байлам жасауды міндеттеген еді. Ал 23 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» жылғы «№ 62-ө» өкімге қол қойды. Аталған өкімге сәйкес, комиссия төрағасы болып ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ал оның орынбасары болып ҚР Ауыл шаруашылығы министры Сапархан Омаров бекітілді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия