jasqazaq.kz

Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды (Видео)

12 мамыр 2016, 17:47

Сагинтаев

Президенттiң тапсырмасымен елiмiзде Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды. Оның алғашқы отырысы 14 мамырға жоспарланған. Комиссияға ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев төрағалық етедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Жер реформасы жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына 75 адам кіреді, олардың iшiнде Сенат және Мәжiлiс депутаттары, Үкiмет мүшелерi, мемлекеттiк органдардың, саяси партиялардың, агробизнес өкiлдерi, ғалымдар, қоғам белсендiлерi бар. Комиссияда барлық өңiрлердiң өкiлдерi қамтылған. Бiз елiмiзді, оның бейбiт болашағы үшiн алаңдайтын азаматтарды ынтымақтасуға шақырдық», — дейді комиссия төрағасы Б.Сағынтаев.
Оның айтуынша, халықты барынша қамту үшiн облыстық әкiмдiктiң жанынан құрылған қоғамдық кеңестер де осы жұмысқа жұмылдырылмақшы.
«Комиссия бiздiң азаматтарымыздың пiкiрталастарының барысы туралы барынша шынайы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ашық түрде алуы үшiн жұмыс iстейді», — дейдi Б.Сағынтаев.
Бұдан бөлек, арнайы «Jerturaly.kz» порталы iске қосылып отыр. Порталда комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат жарияланады.
«Бұл сайтта адамдар көкейтестi сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Қосымша арнайы Call-center жұмыс істейді», — дейдi комиссия төрағасы.
Жер реформасы жөнiндегi комиссияның алғашқы отырысы 14 мамыр күні Астанада өтедi. Сондай-ақ комиссия мүшелерi өңiрлерге баруды жоспарлап отыр.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі