jasqazaq.kz

Жер опырылып, қымбат көлік батып қалды (видео)

18 қыркүйек 2019, 12:45

Оқыс оқиға бүгін таңертең «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында болған. Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат алдындағы брусчатканың астында кәріз құдығы (люк) болған.

Ақтауда көлік жүрген жер опырылып түсті. Оқыс оқиға бүгін таңертең «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат алдындағы брусчатканың астында кәріз құдығы (люк) болған. «Кәріз құдығынан су атылған. Жер су болып, шұңқыр пайда болған. Көлік жүргізушісі оны байқамай, дөңгелегі сол шұңқырға түсіп кеткен. Осылайша, қатты салмақты көтермегендіктен брусчатка опырылып кеткен. Жүргізуші компанияда қызмет етеді», делінген хабарламада. Айта кетейік, көлік иесі құқық қорғау органдарына шағымданбаған.

https://youtu.be/-pfpfJSn2Hs

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде