jasqazaq.kz

Жер алып беремін деп алдап кетті

10 қыркүйек 2020, 17:25

Қызылордада “жер алып беремін” деген желеумен тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды. Қызылорда облысы Полиция департаментімен алаяқтық қылмыстарының алдын алу және болдырмау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарға қарамастан, облыс көлемінде өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері әлі де орын алуда. 8 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 48 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Белгісіз біреу “10 соттық жер алып беремін” деген желеумен 750 мың теңге ақшасын алдап алған. Тексеру барысында алаяқ сол күні тағы бір азаматшадан “дүкеннің құжаттарын дұрыстап беремін” деп 220 мың теңге ақшасын иемдеген. Полиция қызметкерлерімен екі дерек бойынша күдікті Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде