jasqazaq.kz

Жеңістерге Алға! Түркістан облысында жалпы ауданы 1800 шаршы метр заманауи спорт кешені ашылды

25 ақпан 2022, 14:30

Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 23 ақпанда Түркістан облысында заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде бұқаралық спортты және спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін жағдай жасаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Осы тапсырмалар аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Сауран ауданының Орангай кентінде жалпы ауданы 1800 шаршы метр болатын кешен ашты.
«Мықты және дені сау жас ұрпақты тәрбиелеу-еліміздің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Біздің ауданда жаңа заманауи спорт ғимараттары мен кешендерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Салауатты өмір салтын насихаттау бастамасын қолдаймыз», — деді Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков ашылу салтанатында.

Жаңа спорт кешеніне мини-футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары, күрес кілемі, бокс рингі және екі жолақты жүгіру жолдары кіреді. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін шешінетін бөлмелер мен жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары орнатылды. Сондай-ақ, кешен барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған: шағын футбол, баскетбол доптары, теннис ракеткалары және шарлар.

Спорт кешені ауа райына қарамастан жыл бойы жұмыс істейтін болады. Бұл екі қабатты ауа өткізбейтін мембранамен жабылған, анкерлік жүйенің көмегімен негізге бекітілген, сорылатын және сығылған ауамен қамтамасыз етілген спорт алаңы. Бұл дизайн қыста жылуды және жазда салқындықты сақтауға мүмкіндік береді.

Кешенде мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу жоспарлануда.

Бұған дейін Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту үшін «Samruk-Kazyna Trust» қоры 5 әмбебап балалар спорт алаңын орнатқан болатын.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр