
Жеңіс Қасымбек индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.
«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын», — делінген Жарлықта.