jasqazaq.kz

Жеңілдетілген автонесие қашан қайта жалғасады?

24 желтоқсан 2022, 12:28


Жеңілдетілген автонесиенің револьверлік тетігі 2023 жылдың қаңтарында іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Бұған дейін жеңілдетілген автонесие биыл қарашада қайта басталады деп жоспарланған болатын.

Кеше 2023 жылдан бастап барлық қолданыстағы бағдарлама шарттары біркелкі болатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚДБ және жеңілдетілген автонесие бағдарламаларының операторы саналатын Кәсіпкерлікті дамыту қоры (КДҚ) хабарлады.

Сондай-ақ, орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта Қазақстанның Даму банкі ұсынған бағдарлама бойынша бір ғана қаражат операторын қалдыру жоспарланған.

«Қазіргі уақытта бағдарламаларға қатысушы екінші деңгейлі банктер қолданыстағы несиелерді өтеу есебінен төлемдерді жинақтайды. Револьверлік механизм негізінде жеңілдетілген несие беру 2023 жылғы қаңтардың екінші жартысында басталады деп күтіледі», — делінген хабарламада.

ҚДБ мәліметінше, іске қосу күніне екі бағдарлама бойынша жинақталған қаражат көлемі шамамен 13 миллиард теңге болады, бұл кемінде 1300 жаңа автонесие беруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта револьверлік әдіспен жинақталған қаражатты бөлуді ай сайын жүргізу жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде