jasqazaq.kz

Жеңілдетілген автонесие: бір күнде қанша өтініш түсті

17 мамыр 2022, 13:19

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы іске қосылғалы халықтан қанша өтініш айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков:

Кешеден бастап өтініш қабылдауды бастадық. Екі банк – ЦентрКредит пен Eurasian Bank автонесиеге өтініш қабылдауды бастады. Орта есеппен екі банкке 2200-ден астам өтініш қабылданып, қазір ол өтініштер қаралып жатыр. Қалған банктер бойынша, кеше әріптестеріп атап өткендей, корпоративтік процедуралар жүріп жатыр. Ол банктер жақын арада бұл процедуралар аяқталғаннан кейін іске кіріседі.

Оның айтуынша, «ЦентрКредит» бір күнде 1000-ға жуық, ал Eurasian Bank 1200-ге жуық өтінішті қабылдады. Сонымен қатар ForteBank пен Halyk Bank автонесие беруге рұқсат алды.

Сапарбеков атап өткендей, басқа банктер де жақын арада Индустрияны дамыту қорынан келісім алып, несиелеуді бастайды.

Олжас Сапарбеков:

Несиеге автокөлік сатып алу үшін шотты алып, банкке бару керек. Банктің мақұлдау бойынша өз процедуралы бар. Олар бірқатар мәселелерді қарастырады: әл-ауқаттың келуі, несиенің болу-болмауы, басқа да міндеттемелер. Банктен рұқсат алғаннан кейін ғана автокөлікті алуға болады.

Еске салсақ,16 мамырдан бастап банктер жеңілдетілген автонесие бере бастады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр