jasqazaq.kz

Жеңіл көлікпен ірі қараны тасымалдаған

29 сәуiр 2021, 11:37


Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлікпен ірі қара малды тасымалдаған тұрғынды полицейлер әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Петропавлдың 44 жастағы тұрғыны жеңіл көліктің артқы орындық  бөлігіне бұзау салып, тасымалдаған. Оны жолда жүргізушілердің бірі түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген. Бұл жазба тәртіп сақшыларының назарын аударды. Полицейлер көліктің нөмірімен жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауда, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотоцикл шлемдерін пайдалануда жол ережелерінде көзделген талаптарды сақтамау» бабы бойынша көлік жүргізушісі айыппұл төлейді. Бұдан басқа СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мұндай жағдай тағы қайталанбауы үшін ер адаммен профилактикалық әңгіме жүргізді», — делінген полиция хабарламасында. Бұл бап бойынша айыппұлдың мөлшері – 5 АЕК, яғни 14 585 теңге.

ҚазАқпарат 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия