jasqazaq.kz

Жеңіл көлік пойыздың тоқтауына себеп болды (видео)

25 наурыз 2021, 16:58

Аталған факті Шарбақты ауданының полиция бөлімінде тіркелді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

— Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде kolesa_pavlodar парақшасында пойыз машинисі шұғыл тежеу жасауға тура келген видео жарияланды. Себебі, темір жолда автокөлік тұрған. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер Шарбақты ауданы Алексеевка ауылының өткелінде 544 км темір жол бойында «Toyota Camri» автокөлігінің жүргізушісі жол жүру ережелерін өрескел бұзып, бағдаршамның тыйым салатын сигналына барғанын анықтады. Жүргізуші жүріп үлгеремін деп ойлаған, алайда дәл сол жерде көлік тоқтап қалған, — деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Полицияда жүргізуші анықталғанын, ол Шарбақты ауданы ауылының 38 жастағы тұрғыны болып шыққанын атап өтті.

Темір жол өтпесі бағдаршамының тыйым салынған белгісіне өту фактісі бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 607-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия