jasqazaq.kz

Жеңіл атлеттерге жаңа нысан

08 желтоқсан 2017, 15:04


Астанада Елбасының жеке тапсырмасы бойынша жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежі салып жатыр. Бұл туралы Астанада Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс өткен конференциясы барысында федерация президенті Әділбек Жақсыбеков мәлім еткен.

Федерациясының ресми сайты таратқан мәліметтерге сүйенсек, жиналыста «Астанадағы жаңа жабық кешендегі жеңіл атлетика манежін Елбасының жеке тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры салып жатыр. Жоспар бойынша 2019 жылға құрлыс жұмыстары аяқталуы тиіс. Манеж 7 мың көрерменге арналған. Астана мен Алматыда екі манеж тұрғызып алсақ, кез келген халықаралық жарыстарды өткізе беруге болады», — деп атап өткен Ә.Жақсыбеков. Сондай-ақ, федерация президенті алдымен кәсіпқой спорттың қажет екенін, сонда барып, бұқаралық спортты да дамытуға болатынын атап өткен. Әділбек Рыскелдіұлы «Егер кәсіби спорт болмаса, адамдарды спортқа тарту қиын. Яғни, ол кезде бұқаралық спорт та дамымайды. Әлбетте сайысқа түсетін жас спортшылар қажет. Сондықтан бізге кәсіпқой керек. Басты мақсат — алға жылжу. Манеж жұмыстары 2019 жылдан кешіктірілмей аяқталуы тиіс, — дейді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды