jasqazaq.kz

Жеңгетайлықпен айналысқан 3 адам ұсталды

30 қараша 2020, 17:03

Шығыс Қазақстан облысында «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы барысында жеңгетайлықпен айналысып жүрген 3 адам ұсталды.

ШҚО Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының аумағында интимдік қызмет көрсететін 15 әйелді анықтады. ҚР ҚК-нің 449-бабы (Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу) бойынша 25 әкімшілік хаттама толтырылды.

«Сондай-ақ клиенттерге жеңіл жүрісті қыздарды ұсынып, жеңгетайлықпен айналысқан 60, 43 және 20 жастағы сауна әкімшілері ұсталған. Аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Бұдан бөлек, жедел алдын алу шарасы барысында жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі тіркелген. 22 жастағы күдікті қазан айының басында 18 жастағы бойжеткенді интимдік қызмет көрсетуге тартты. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 308 бабы 1 бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия