jasqazaq.kz

Жемшөп суармалы алқапта өсірілмек

17 маусым 2017, 16:21

Мал шаруашылығы саласын дамыту бағытында аудан инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Әр жыл сайын мал мен техника сатып алу, өндірістік нысандар құрылысы тәрізді инвестициялық салымдар өсімі байқалады.

Мәселен, «Хамза» шаруа қожалығы өз қаржысы есебінен тауарлы сүт фермасының 400 бас сауынды сиырға арналған қораларды жөндеді. Германияның «Buschhoff» фирмасы жасаған мал азығы зауытын орнатып, осы шетелден асыл тұқымды мал сатып алды. Сиыр сауу және мал азығын дайындау жұмысыавтоматтандырылған, компьютер арқылы басқарылады. Қожалық басшысы Ержан Биекенов алдағы уақытта сүт өңдейтін цех салуды және малдың жемшөбін суармалы алқаптарда өсіруді жоспарлап отыр.

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу