jasqazaq.kz

Жемқорлықсыз қоғам – нұрлы болашақ кепілі

17 қыркүйек 2019, 17:16

   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен, еңселі Еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдары небір қиындыққа мойымай, алға ұмтылып, нәтижесінде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Бұл еліміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, жалпы қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің арқасында жүзеге асты.  

Кез-келген өркениетті қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатын дүние – жемқорлықпен күрес.ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында «Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу  ісін қайта қалпына келтіру қажет. Бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан нақты белгілеу керек. Сондай-ақ, заңсыз және арандатушылық әрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметкерлерін қатаң жазалау керек. Ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқ» деп атап көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы атап өткендей: «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуы тиіс. Жемқорлық — жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің сенімділігіне сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей төнген қатер болып саналады».

Сондықтан, қауіпті қатерге жол бермеу үшін, біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен барынша күресіп келеміз. Жемқорлықпен күресудің жолдары әр түрлі. Атап айтсақ, біздің басқармада сенім телефоны жұмыс істейді, басшылар жеке қабылдау өткізеді, аудан тұрғындарына және кәсіпкерлік субъектілеріне кеңес беріліп, ашық есіктер күні өткізіліп тұрады.

Біздің қоғамда жемқорлыққа орын жоқ. Ендеше, өркениетті елдер қатарына қосылу үшін адал еңбегіміз арқылы мемлекетімізге қызмет етейік, болашаққа сеніммен нық қадам басайық.

Айгерім Салыбекова, 

Алатау ауданы тауарлар мен көрсетілетін

 қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау басқармасының

ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және

мониторинг бөлімінің басшысы

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде