jasqazaq.kz

Жемқорлыққа жиі жол беретін әкімдіктердің тізімі жарияланды

13 ақпан 2020, 17:43

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова сыбайлас жемқорлық фактілері жиі болған әкімдіктерді жариялады.

«Әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседі – 37, содан кейін Жамбылда – 30, Ақмолада – 19, Алматы мен Қостанайда – 15, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14», — деді Анар Жарова агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте. Сонымен бірге, спикер жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа көбірек ұшырайтын салалары туралы түсінік берді. «Мониторинг көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдарда жемқорлық қылмыстар көбінесе білім беру саласында (54), жер қатынастары (29), ауыл шаруашылығы (27), сәулет және құрылыс (25), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (19) салаларында жасалады», — деп атап өтті ол. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне аталған мониторинг нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық қаупі бар жергілікті атқарушы органдардың қызметіне ішкі талдау жүргізуді ұсынған.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия