jasqazaq.kz

Жемқорлық жайлаған оқу орындарының тізімі

01 қараша 2019, 12:26

Jas Otan сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады.

Nur Otan партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады. Сонымен, Jas Otan белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8 пайызжоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып, диссертация қорғағаннан кейін дастарқан жаю және сыйлықтар беру тағы басқарсы дәстүрге айналған.

Сауалнама негізінде студенттер жемқорлық фактілері орын алады деп көрсеткен бес ЖОО рейтингі жасалды:

1. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;

2. Атырау мұнай газ университеті;

3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті;

4. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті;

5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық