jasqazaq.kz

Жем-шөп бағасы қолжетімді болуы тиіс

23 шiлде 2021, 16:24

Жаздың жұты маусымда басталып, шілдеде күшіне мінді. Алда жаздың соңғы айы, одан кейін қара күз, сосын қытымыр қыс бар. Алты ай жазда қылтан шөп таба алмай тулағы шыққан төрт түлік қыстан қалай шығады? Бұл түйткілді шешуге қазірден бастап кірісу қажет.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы еріктілер бастаған игі іс қазір бүкіл республиканы шарлап кетті. Сөйтіп Аралдағы апатта қалған, Маңғыстаудағы малы қырылған жұртқа жасалған көмек жан- жақтан құйылып жатыр. Вагон-вагон шөп қуаңшылықтан қысылған аймақтарға бағытталуда. Осы аптада жұрт болып жұмылған іске үкімет те араласа бастады. «Қазақстан
теміржолы» компаниясына Маңғыстау мен Қызылордаға жем-шөп тасымалдау үшін төмендетілген тариф белгілеуді ұсынды. Сонымен қатар үкімет басшысы өңірлерге жем- шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Қазір аймақтарда жоспар айқындалып, ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жедел штаб құрылған. Бүгінге дейін 11 млн тоннаға жуық шөп дайындалып үлгеріпті. Бұл жоспарлы меженің 44 пайызы. Ал Асқар Мәмин жем-шөпті қолжетімді бағамен сатуды тапсырды. Ол үшін өндірушілермен және құрама жем зауыттарымен меморандум жасау қажет. Премьер-Министр 200 мың тонна мал азығы дақылдарын форвардтық сатып алу мақсатында үкімет резервінен қаражат бөлу де тапсырма берді.

Айдос ҚҰСАЙЫНҰЛЫ

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия