jasqazaq.kz

Желтоқсанның 15-і күнгі күн райы болжамы

15 желтоқсан 2021, 11:10

«Қазгидромет» РМК-сы желтоқсанның 15-і күнгі күн райына байланысты болжамын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қазақстан терриориясының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады (жаңбыр, қар) жауады. Елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқып, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с эылдамдықпен соғып, жаяу бұрқасын болады.

Қостанай облысының солтүстігінде жел күшейіп, секундына 15-20 метрге жетеді, бұрқасын соғады. Елдің оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі, батысында және орталығында желдің күші секундына 17-22 метрге жетеді, шаңды дауыл тұрады.

Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде және таңертең Алматы, Шығыс Қазақстан областарының солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр