jasqazaq.kz

«Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрме ашылды

16 желтоқсан 2022, 14:03

Тәуелсіздік күн қарсаңында ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде еліміздің егемендік алуына үлкен үлес қосқан қазақтың ұл-қыздарына құрмет көрсету мақсатында «Желтоқсан желі ызғарлы» атты көрме ашылды. Онда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихына қатысты архивтік құжаттар, фотосуреттер мен басқа да жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің ашылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚР ҚК Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің бастығы Ләззат Әлжанқызы желтоқсан қоғалысының маңызына тоқтала келе, оған қатысқан тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары бүгінгі өскелең ұрпақа үлгі-өнеге болуға тиіс дегенді айтты.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы жобалық кеңсесінің жетекшісі Сабыр Қасымов болса осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Ол Желтоқсан қаһармандары туралы тың деректер мен маңызды құжаттардан тұратын 800 беттік кітаптың баспаға тапсырылғанын айтты.

Содан кейін сол Желтоқсан оқиғасына тікелей қатысып, кезінде зардап шеккен бүгінде «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Берыкқан Халелов пен Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Мақпал Орынбетова өз естеліктерімен бөлісті.

Кеш соңында қазақтың тұңғыш бард-композиторы Табылды Досымовтың кеңестік жүйеге қарсылық ретінде дүниеге келген «Желтоқсан жыры» әнін ақынның ұлы Абыл Аяшұлы орындап берді.

Абзал Ибрагим,
Астана

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка