jasqazaq.kz

Желтоқсан — Тәуелсіздік бастауы

25 қантар 2021, 17:17

ЖЕЛТОҚСАН — ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АРҚАУЫ

2020 жылдың 25 желтоқсанында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология және әлем тілдері факультетінің ҚФ-102 және ҚФ-103 оқу топтарының студенттерінің ұйымдастыруымен оnline форматта, ZOOM платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай және Желтоқсан оқиғасының қайраткерлерін ұлықтауға арналған «ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ, ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰЛТ РУХЫНЫҢ АРҚАУЫ» атты өте әсерлі һәм мазмұнды, салтанатты кеш өтті.

Кештің мақсаты – ел тәуелсіздігі жолында үлес қосқан қайраткерлерді дәріптеу, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету, студенттерді отансүйгіштікке баулу.

Кеш қонақтары Желтоқсан ардагерлері: Халықаралық Бизнес университетінің тілдер орталығының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Өмірбекова Роза Қалдыбекқызымен студенттер арасында сырлы сұқбат болып, тарих парақтарына шолу жасалды.

Салтанатты кешті студенттер өз өнерлерімен әрледі. Күмбірлеген күй, мың бұралған би, өз шығармашылығынан арнау, мәнерлі ой-толғаулар кешке сән берді.

Кеш шымылдығын Шаймерденова Камила «Ерке сылқым» күйімен ашты. Құмарбекова Гүлім тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – менің асыл тұғырым» атты арнауында еліміздің тарихында жаңа дәуірдің басталуын, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келгенін баяндады. Жалғасова Алия кеш қонақтарын студенттермен жақынырақ таныстыру мақсатында «ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ» атты тақырыпта өмір деректерінен қысқаша мағлұмат берді. Студенттер Желтоқсан ардагерлерімен сұқбаттаса отырып, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап ала алды. Желтоқсан оқиғасы құрбандарының бірі, «Халық қаһарманы» Рысқұлбеков Қайрат туралы сахналық көрініс қойылды. Жанболатұлы Батыл, Сағидуллин Арсен, Тимурова Адина, Тұрсын Жансая, Тұрсынбай Зухра секілді жастарымыз актерлық шеберліктерімен көрерменді тәнті етті. Оқа Жанат тәуелсіздік күніне арналған өлеңін өзінің мәнерлі даусымен көркем жеткізді.

Сондай-ақ, Шайық Жанель ОРЫНҒАЗЫ МҰРАТҰЛЫНА, Таңсықбаева Феруза РОЗА ҚАЛДЫБЕКҚЫЗЫНА арнау өлеңдерін оқыды. Риза болған кеш қонақтары оларға жылы лебіздерін білдірді. Жалғасова Алия жүргізген Ел тәуелсіздігіне қатысты викториналық сұрақтар кезінде студенттердің тапқырлығы сыналды. Нарзулла Назеркенің қоңыр үнді қобызда ойнаған сазды әуенімен кеш те өз мәресіне жетті.

Кештің жүргізушілері Тимурова Адина мен Қоңырбайқызы Айғаным да кештің жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Бірлігі мен берекесі жарасқан Еліміздің тәуелсіздігі баянды, ұлтымыздың рухы биік, ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын!

Кешті ұйымдастырушылар:

102-топтың куратор-эдвайзері, қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы,

103-топтың куратор-эдвайзері, ф.ғ.к., аға оқытушы

Өтемісова Гүлмира Жеткергенқызы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде