jasqazaq.kz

Желіні шулатқан өскемендік молда: Мен қызға емес киіміне қарадым

17 ақпан 2018, 16:21

Өскемендік молда желіні шулатқан суретке қатысты түсініктеме берді, деп жазды Qamshy.kz.

Голливуд жұлдыздарының Өскемендегі «Халифа Алтай» мешітінде түскен суреті желіде қатты талқыланып жатыр. Әсіресе, дін өкілінің актриса Бай Линға «біртүрлі» қарап қалған сәтін көз зинасына балап, сан-саққа жүгірткендер көп.

Ол Өскемендегі «Мұхаммади» мешіті имамының орынбасары Дубек Құсайынов болып шықты. Молданың айтуынша, бұл жерде арандатушылықтан басқа дәнеңе жоқ.

— Бұл сенсацияға ұласады деп ойламаппын. Үш ұйықтасам да, түсіме кірмейтін жағдай. Негізі бұл фотода қаланың имамдары сапта тізіліп тұр. Менің фотомды арнайы қиып алып, «көз зинасы» деп жала жауып, күпірлікке салынған негізсіз, жалған ақпарат қана бұл. Ешкімнен жасырынып қараған жоқпын, бұл жерде ашықтық бар, — деген Дубек Құсайынов желі қолданушыларының әрекетін өзі де қатаң сынады.

Молда халықты адамгершіліктен аттамай, мәдениетті болуға шақырды. «Әлеуметтік желіні кезіп жүрген фотосурет – адамның ойында жоқ нәрсені айтып ғайбаттап, арандатып, қоғамның теріс бағыттағы пікірін туғызбақшы болғандардың ісі, — деп ашынды.

— Басшылық бізді актерлар келді деп мешітке шақыртқан соң ақ шапанымызды киіп бардық. Ұлттық нақыштағы шапанмен тұрғандықтан, шетелдіктер қызыққан болуы керек, өздері суретке түсуге ниет білдірді. Біз келісе кеттік. Сонда ана актрисаға көзімнің қиығымен қарап қалған сәтім түсіп қалыпты. Мен қызға емес, оның ерекше киім үлгісіне немесе көзілдірігіне қараған болуым керек. Дәл осылай өршіп кетеді деп ойламаппын. Ол әйел мешітке ашық-шашық киініп келген жоқ, тіпті, онымен тілдесу де ойымда болған жоқ. Біз дін өкілі болғандықтан, халық бізге қарап имандылықты таниды. Ал адамдарды теріс тәрбиелеу біздің ойымызда да жоқ, — деді Дубек Құсайынов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық