jasqazaq.kz

Желіге қазақстандықтардың 30 мыңнан астам Telegram аккаунтының мәліметі тарады

21 шiлде 2021, 17:02

Қазақстандық интернет қолданушылардың 30 мыңнан астам Telegram аккаунттарының мәліметтері желіде тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-тың KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға жауап беру қызметі Интернеттің қазақстандық сегментінде ақпараттық қауіпсіздікке байланысты қауіп-қатерді анықтау үшін мониторинг жүргізу кезінде Telegram мессенджері қолданушыларының жеке деректерінің 744 мың жазбсы бар файлды анықтады. Талдау нәтижесінде, бұл файлда желі пайдаланушыларының идентификаторы, аты-жөні, телефон нөмірі және «өзім туралы» бағанына толтырылған мәліметтері сияқты жеке деректер бар екендігі белгілі болды. Сонымен қатар, 30 мыңнан астам аккаунт қазақстандық телефон нөмірлеріне тіркелген, деп хабарлайды «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ баспасөз қызметі.
Telegram-арна авторы табылған файлды «Глаз Бога» платформасының клиенттік базасы ретінде сипаттайды, бұл — ТМД-дағы ең үлкен қызмет (1 миллионнан астам қолданушы).

Осыған байланысты біз Интернеттің қазақстандық сегментінің барлық қолданушыларына кибергигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеміз, сонымен қатар Интернетке жеке деректеріңізді енгізген кезде қырағылық танытып, жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуді сұраймыз, делінген «Мемлекеттік техникалық қызметі» АҚ KZ-CERT баспасөз қызметі хабарламасында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия