jasqazaq.kz

Желідегі жын соққан завучтың видеосы ата-аналардың ашуын туғызды

25 қыркүйек 2020, 11:59

 

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданына қарасты ауыл оқушыларының ата-аналары бір мұғалімнің ТикТокқа балағат сөздер айтып, біртүрлі видео жүктегенін, оны балалары көріп жүргенін айтып, шағымданды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

Бәйтерек ауданы Январцевская орта мектебі оқушысының ата-анасы «Мой город» порталына өзінің жасөспірім баласы барлық жеткіншектер сияқты үнемі әлеуметтік желіде отыратынын айтты.

«Менің қызым үнемі телефонын шұқылап отырады. Қазір TikTok деген пайда болды, сол араға барлық жас видео жүктейді. Әнеукүні қарасам соның арасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және оқу ісі жөніндегі завуч Дамир Батыржан да жүр. TikTok-тағы видеода боқтық сөздер айтылады, оның үстіне өзі жалаңаш отыр, кеудесі ашық. Мұны шәкірттері көріп отыр ғой. Мұғалім деген балаларға үлгі болуы керек, мұндай видеоны желіге жүктемеуі тиіс деп есептеймін», — дейді ашулы ата-ана.

Оқушылардың ата-аналары бұл туралы мектеп әкімшілігіне ескерту жасаған, бірақ ешқандай реакция болмапты.

Портал тілшісі Дамир Батыржанның TikTok-тағы парақшасын қарап шықты. Расында, мұғалім түрлі эффектідегі, балағат сөздері бар видео орналастырады екен.

Дамир Батыржанның өзі бұл видеоларды желіге орналастырғаны үшін өкінетінін айтады.

— Мен мұның жаман екенін түсінемін, оған қатты өкінемін. Желідегі парақшамды жоямын. Осы видеоларды орналастырғаным үшін оқушылардан және әріптестерімнен кешірім сұраймын, — деді Дамир Батыржан.

Бәйтерек аудандық білім бөлімінің бастығы Серік Сафиуллин бұл видеоларды бірінші рет көріп отырғанын және олар бұл жағдаймен алда шұғылданатындарын айтты.

— Мен мектепке барып, жағдайды анықтаймын. Мектеп директорымен сөйлестім, ол ата-аналар тарапынан мұндай шағым түспегенін айтты. Қалай дегенмен де мұғалім желіге мұндай видеоларды орналастырмауы керек. Жалпы, мұғалімдер өздерінің әлеуметтік желілерінде не жазып, не қойғанын қадағалап отыруы керек дегім келеді, өйткені олар оқушыларға үлгі болатын адам, — деп түсіндірді Серік Сафиуллин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде