
Instagram желісінде Иманғали Тасмағамбетовтың Меккеде жүрген суреттері тарады.
Саясаткердің қажылыққа баруы туралы Мұхамеджан Тазабек өз парақшасында жазба қалдырыпты.
«Жігіттің артық абзалы бір Аллаға сенеді (Нұртуған жырау)», — деп жазды ол. Алматы қаласының бұрынғы әкімі болған Тасмағамбетов мұсылмандардың қасиетті қаласында өзінің туған күнін өткізген. Бұл туралы ақпарат Хикмет Travel туристік компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Иманғали Тасмағамбетовтың өзінің туған күнін Меккеде өткізуіне себеп — 63 жастың Пайғамбар жасы ретінде есептелетіні болса керек.
«Қажылыққа келушілер — Аллаһтың қонағы болып табылады. Халықтың бір туар азаматы Иманғали ағамыз да 63 ке толып, пайғамбар жасында дастарханның төрінде емес, қасиетті Меккеде Аллаһтың қонағы болып қайтты. Тілеген тілегіңіз қабыл болсын. Иманғали ағамыздан Аллаһ Тағала разы болсын! Әмин», — деп жазылды сурет астындағы жазбада.