jasqazaq.kz

Желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды

13 қараша 2020, 10:30

Желі қолданушылары таратқан видеодағы алысқа қатынайтын жүргізушіге қатысты қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды.

WhatsApp мессенджерінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісінің жағдайы нашарлап кеткені туралы видео тараған. Жерде жатқан ер адамның жанында бірнеше адам жиналған.

«Мына 296 05 жүк көлігін танитын кісілер бар ма екен? Мына кісі жолда жүрегі айнып, жатып қалды. Туған-туысқандары керек еді, телефоны бұғаттаулы. Жедел жәрдем шақырсақ жолда келе жатыр дейді. Жігіттер, танитындарыңыз болса, хабарласыңыздаршы», — дейді кадр сыртындағы ер адам.

Желіде тараған видеоға қатысты Алматы облысының Полиция департаменті түсінік берді.

«11 қарашада шамамен сағат 17:00-де Volvo жүк көлігінің 60 жастағы жүргізушісі, Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны «Шымкент-Самара» тасжолында кенеттен көз жұмды.

Куәгерлер бірден жедел жәрдем және Сырдария аудандық полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобын шақырды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жүрек әлсіздігінен көз жұмған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның туыстары болған жайттан хабардар», — деді ведомство өкілдері.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия