jasqazaq.kz

Желіде тараған видеоға қатысты дерек шықты

02 сәуiр 2019, 12:23

Атырау облысында мас жүргізуші жол апатына ұшырады, көлік салонында жүргізушінің балалары болған. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назымгүл Қайсағалиева мәлімдеді.

Оқиға наурыздың 29-на қараған түні Атырау қаласында болды. «Toyota Hilux маркалы автокөліктің жүргізушісі Азаттық көшесімен кетіп бара жатқан. Бір бағытта онымен бірге Nissan Maxima қозғалған. Әуезов және Азаттық көшелерінің қиылысындағы айналма жолда Toyota Hilux жүргізушісі басқаруды игере алмай, Nissan Maxima автокөлігін соққан. Ары қарай көкөніс сататын павильонды қиратқан. 1986 жылғы жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген. Сонымен қатар, көлікте оның жары мен екі баласы (2012 және 2015 жылғы) отырған. Балалардың бірі ауруханаға түсті, сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Медициналық қорытынды шыққанан кейін шара қолданылады», — деді Назымгүл Қайсағалиева. Видеода көлікте отырған әйелдің жүргізушіден тоқтауын сұрап, жолға қарауын өтінген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда