jasqazaq.kz

Желіде тараған видеодан кейін референдум комиссиясының мүшелері жұмыстан шеттетілді 

05 маусым 2022, 20:09

Әлеуметтік желіде бюллетеньдерді референдум комиссиясының мүшелері өздері толтырып, жәшікке салып жатқаны жайлы видео тарады. Осы жағдайға байланысты сол учаскенің комиссия мүшелері уақытша қызметінен шеттетілді. Бұл туралы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін учаскедегі бұзушылыққа қатысты видео пайда болды. Онда комиссия мүшелері бюллетеньдерді жәшікке өздері салып жатыр деген болжам айтылды. Референдум заң нормаларын қатаң сақтауға негізделген. Процедуралардың бұзылуына ешқандай жол берілмейді. Біз болған жайтты толық анықтау үшін учаскелік комиссия мүшелерін міндетінен шеттету туралы шешім қабылдадық. Өйткені, бізде және жоғары тұрған комиссияда видеоның негізінде іс-әрекетті бағалайтын өкілеттік жоқ. Учаскелік комиссия мүшелерімен сөйлескен кезде олар лақтыру фактісін жоққа шығарады», -деді спикер.

Жанна Асанова жәшікті мөрлеп, дауыс беруді басқа, стационарлық жәшікпен жалғастыру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

«Бюллетень лақтырылған урнадағы барлық бюллетень жарамсыз деп танылды. Оның алдында салынған бюллетеньдер, өкінішке қарай, санаған кезде есепке алынбайды. Болған жағдайдың заңдылығына құқық қорғау органдары мен орталық сайлау комиссиясы баға береді. Өйткені нәтижені жою, тоқтата тұру мәселесі тек орталық сайлау комиссиясының құзыретіне жатады. Құжаттарды сол жерге береміз»,- деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде