
Маңғыстау облысы Қарақия ауданында жаңбырдан кейін су тасқынының тағы бір видеосы тарады, — деп хабарлайды Lada.kz.
Видеода жаңбыр суы сарқырама болып ағып жатқаны көрсетілген.
5 мамырда «Қазақавтодор» ЖШС филиалының жауапты тұлғалары Мұнайлы ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен бірге Қарақиян ауданындағы жол учаскесіне барған.
«Бұл учаскедегі жағдай бақылауда. Жол төсемінің шайылу қаупі жоқ. Автокөлік құралдарының қозғалысы тоқтатылған жоқ», — делінген 5 мамырдағы хабарламада.