jasqazaq.kz

Желіде қарағандылық полицейдің видеосы қызу талқыланып жатыр

13 мамыр 2021, 17:27

Желіде қарағандылық жол реттеуші инспектордың видеосы қызу талқыланып жатыр.

Қарағандыда көлік жүрісін реттеу үшін жезлді ерекше қолданған жол реттеушіні куәгерлер видеоға түсіріп алды. Ролик авторларының пайымдауынша, полиция қызметкері шатасып, көліктерді дұрыс бағыттай алмай тұр. Instagram-да жарияланған кадрларға қарағанда, оқиға Майқұдықтағы Бала қажы мешітінің маңында Карл Маркс пен Лиговская көшелерінің қиылысында түсірілген.

Бейнежазба бірнеше сағат ішінде 50 мың қаралым жинады, екі жүзден аса адам пікір жазған. Оған қарағандылықтардың реакциясы да әр түрлі. Кейбіреуі полицейге күлсе, басқасының жаны ашыды.

«Қашықтан оқыту дегеніміз осы. Бұлай да болады», — дейді Желі қолданушыларының бірі.

«Ол да адам пенде шатысып кетті», — дейді тағы бірі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі де видео мен полицейдің әрекетіне қатысты түсінік берді. Департамент өкілдері роликті зерттеп, қызметтік тексеру жүргізгенін хабарлады.

«Бұл жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Полицей автокөліктерге Бала қажы атындағы мешітке қарай өтуге кедергі келтірді, себебі жол бойында қоршау құрылыс блоктары орнатылған. Сондықтан реттеуші-инспектор нұсқауларға сәйкес келмейтін қимылдар жасады. Себебі оның міндеті нақты сол бағытқа көліктерді өткізбеу болды», — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия