jasqazaq.kz

Желіде Facebook-ке тіркелген 3 миллион қазақстандықтың мәліметтері тарады

04 сәуiр 2021, 19:34

Желіде қазақстандық Facebook-қолданушылардың 3 миллионнан аса дерегі тарады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады.

«МТҚ» АҚ ақпараттық қауіпсіздік оқиғасын тергеу аясында Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болғаны анықталды.

Кеше хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады.

Зерттелген материалдар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданушыларына қатысты 3 214 990 жол көлеміндегі мәлімет — аты-жөні, телефоны, елі/тұрғылықты қаласы, жұмыс орны және оқуы көрсетілген ақпарат жария болған,» — деді мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері.

Ведомство желіде дербес деректер жариялануының салдары парақша иелері үшін қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті.

Мемлекеттік техникалық қызмет зиянкестердің құрбаны болу қаупі бар екенін ескертті: жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жариялау; қоқан-лоқы; банк картасынан заңсыз ақша шығару; жеке өмірге араласу; балаларға қауіп-қатер төндіру, мысалы, олар оқитын мектептер туралы мәліметтерді БАҚ-та жариялау.

Жеке мәліметтердің әлеуметтік желілерде жариялану қаупін азайту үшін KZ-CERT қызметінің кеңестері:

Facebook, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники және басқа да әлеуметтік желілердегі парақшалардың құпия параметрлері, күрделі құпиясөз және көпфакторлы аутентификация арқылы қауіпсіз ету;

Негізгі пошта жәшігіңізді қауіпсіз қылуыңыз керек, атап айтқанда, көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз, барлық құпия сөзді өзгертіңіз.
сенімсіз кілтсөздер қолданбау керек. Әлсіз комбинациялар ештеңеден қорғамайды.
әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді, дәлірек айтқанда, паспорт, банк картасы және басқа да маңызды құжаттардың фотосуреттерін жарияламау.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия