jasqazaq.kz

Желіде БЖЗҚ қоры атынан жалған ақпарат тарауда

05 шiлде 2018, 18:10

«БЖЗҚ» зейнетақы қоры атынан белгісіз тұлғалар телефон мен электрондық пошта арқылы жалған ақпарат таратып жатыр. Қор сыйлық ұтысы туралы хабарламаға азаматтардың алданып қалмауын ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Белгісіз біреулер сыйлықты алу үшін сілтемеде көрсетілген өзге ресурстарға кіріп, өзінің банк реквизиттерін жіберуді ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қоры салымшыларының жеке деректерін заңсыз иелену әрекеті жасалуда», — делінген қордың баспасөз хабарламасында. Сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды қор қандай да бір ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәліметтерді электрондық әдіспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай іс-әрекет жүргізуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтінін ескертеді. «Өздеріңіздің жеке мәліметтеріңіздің құпиялығын қамтамасыз ету үшін мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңіздер және электрондық жолдаудағы сілтемелерге кірмеңіздер. Олар ірі компаниялардың атын жамылып әрекет етеді. Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сенбеңіздер. Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызға ескертуді ұмытпаңыздар. Мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы міндетті түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар», — деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді