jasqazaq.kz

Желіде биімен танылған «Алтын белгі» иегері кім?

01 шiлде 2019, 11:59

Желіде би билеп танылған «Алтын белгі» иегері Сабина Батенова өз әрекетін түсіндірді. Оқушы өзін танымалмын деп есептемейді.

«Марапаттау рәсімінде мен «Алтын белгі» алдым. Бұл мен үшін қуаныш. Әбдіжаппар Әлқожаның өнер көрсетуі де қуанышымды еселей түсті. Қуаныштан өзімнің қалай билеп кеткенімді білмеймін. Бәрі маған қарап, видеоға түсіре бастады. Әйел кісі келіп, маған ұрысты. Мен сонда да одан қашпақ болып ем, полицейлер ұстап алды», — деп күлді оқушы қыз.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазонға сілтеме жасап хабарлады.

«Мен оқиға осылай аяқталады деп ойлаған жоқпын. Үйге келсем, бәрі мен билеген видеоларды жіберіп жатыр. Көп адам пікір жазған, көбісі жағымды пікір қалдырыпты», — дейді Сабина.

Сабина Батенова мектепте белсенді болды. Бала күнінен билегенді жақсы көреді. Бес тілді еркін меңгерген. Қазақ, орыс, ағылшын, әзірбайжан, түрік, үнді тілін біледі. Жастар еріктілер бірлестігінің мүшесі. ҰБТ-ны да сәтті тапсырып шыққан.

«Әзірге қайда оқуға тапсыратынымды айтпаймын. Тек гуманитарлық бағытқа баратынымды айтайын. Маған матемтика, физика, хими пәні де ұнайды. Қазақстанда оқуды жоспарлап отырмын», — деді үздік оқушы.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда