jasqazaq.kz

Желіде АН-28 ұшағының құлаған сәті түсірілген делінген видео пайда болды

04 қазан 2017, 22:48

Желіде АН-28 ұшағының құлаған сәті түсірілген делінген видео пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл кадрлар жүк көліктері автотұрағында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодағы мерзім қайғылы оқиға болған күнгі уақытпен сәйкес келеді — 3 қазан, 18.47. Күн қарауытқан сәт, көше шамдары жағылған. Жаңбыр жауып тұрғанын да аңғаруға болады. 46-шы минутта бастапқыда құлап, кейін өртенгенін байқауға болады. Осыған дейін әуе апатынан қазақстандық белгілі дәрігер-профессорлардың қаза тапқаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 қазанда кешкі уақытта Алматыдан Шымкентке дәрігерлер бригадасы ауыр жағдайда жатқан жүкті әйелге көмектесу үшін аттанған. Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.

https://youtu.be/7RqCof-jaTg

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде