jasqazaq.kz

Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жел соғып, бұрқасын болады

04 ақпан 2018, 14:28

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 24-29 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады және желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жаяу бұрқасын соғып, жел 17-22 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды