jasqazaq.kz

Жекпе-жектен кейін комаға түскен Айдос Ербосынұлының жағдайы белгілі болды

07 қараша 2022, 10:29


TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жасанды комада жатыр

Жекпе-жек 12-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталды, төреші Тони Уикс жекпе-жекті тоқтатып, Моррельдің жеңісін нокаутпен санады.

Бұған дейін Айдос нокдаунға түскен болатын.

«TGB Promotions және PBC өкілдері Айдостың командасымен бірге Миннеаполисте. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Боксшының жеке өміріне және отбасына құрметпен қараймыз, сондықтан қосымша ақпаратты бөлісе алмаймыз, бірақ бокс қауымдастығын дұғада болуға шақырамыз», — делінген Fight Freaks Unite мәлімдемесінде.

Еске салайық, кеше қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррель (7-0, 6 КО) арасында WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен болатын.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ермосынұлы жас кубалық Давид Моррельге қарсы титулдық жекпе-жекте жеңілгенін мойындауға мәжбүр болды.

Айдос Ербосынұлы кәсіби рингте бірінші рет нокаутпен жеңілді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр