
Шілденің 31-і – Құрбан айт. Карантиндік шектеулерге байланысты биыл елдегі мешіттерде айт намазы оқылмайды, хабарлайды «Хабар 24».
Елордаға сырттан мал әкелуге, яғни, жеке үйлердің маңында құрбан шалуға болмайды. Ал, бас қалада қойдың орташа бағасы 50 мың, ірі қараныкі 350 мың теңге шамасында белгіленді. Бірақ 35-40 мыңның да қойлары бар деп, 50 мың теңгені қымбатсынып жатқандар жоқ емес. Әлгі 10-15 мың теңгеге арзан қой бір жасқа толмай, құрбандыққа жарамай қалуы мүмкін. «Осыны ескеру керек», — дейді елорданың бас имамы. Атап өтейік, біздің елде биыл мұсылмандар онлайн форматта құрбан шала алады. Ол үшін Qurban 2020.kz сайты іске қосылды.
Ерболат Жүсіпов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:
— Онлайн құрбандық деген сіз үшін біреу, басқа бір екінші мойнынан алып жатыр. Яғни, сіздің құрбаныңызды, малыңызды таңдайды. Сіздің сол құрбандық шалатын кездегі рәсімдерін орындайды. Дұғасын бағыштайды. Бұл жерде сенімсіздік керегі жоқ. Дамыған елдерде бұл қалыптасқан, мақұлданған тәжірибелердің бірі.