jasqazaq.kz

Жеке тұлғалардың банкроттығы: Азаматтар қандай шектеулерге тап болады?

28 наурыз 2022, 14:17

Жеке тұлғалардың банкроттығын реттейтін заң жобасын таныстырған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов соттан тыс банкроттық рәсімдеген азаматтар қандай шектеулерге жолығатынын түсіндірді.

«Соттан тыс банкроттық рәсімдегендер мынадай шектеулерге тап болатынына назарларыңызды аударғым келеді. Біріншіден, қарыз міндеттемелерінің бәрі уақыты өткен болып есептеледі. Борышкерге қарыз алу бойынша келісімдер жасауға, кепілдік және сенімгерлік білдіруге тыйым салынады. Емделу, білім алу, адам жерлеуге қатысты себептер болмаса, шетелге шығуға болмайды», — деді ол заң жобасын талқылауға арналған бейнеконференцияда.

Соттан тыс банкроттық рәсімделгеннен кейін қарыз берген банк, микрокредит ұйым немесе коллекторлық агенттік борышкерден қарызды өтеуді талап ете алмайды. Сондай-ақ, борышпен бірге есептелетін айыппұлдар мен өсімпұлдардың бәрі тоқтатылады.

«Қарыз берушіге борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады. Сондай-ақ, айыппұл, өсімпұл және пайыздық сыйақы есептеу тоқтатылады», — деді Қайрат Миятов.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр